Жаңалықтар

Әзірбайжанға шамамен 200 мың тонна бидай, күріш және бұршақ дақылдары экспортталады

Мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасының және Әзірбайжан Республикасының Үкіметтері арасындағы өсімдіктерді карантин және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялады, деп хабарлайды basagro.kz.

«2010 жылғы 29 сәуірден бастап Қазақстан өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі халықаралық конвенцияның (МКЗКР) мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасының қабылданған халықаралық міндеттемелері фитосанитариялық шаралар бойынша халықаралық стандарттардың сақталуын және қолданылуын болжайды. Осы талаптардың сақталуы біздің елдеріміздің аумағында қолайлы фитосанитарлық жағдайды қамтамасыз етеді», — деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев палатаның жалпы отырысында құжатты ұсынып.

АШМ басшысы келісімді ратификациялау бойынша заң жобасын қабылдау мыналарды қамтамасыз ететінін айтты:

— карантинге жатқызылған өнімді өткізу кезінде елдеріміздің қолайлы фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында одан әрі ынтымақтастықты дамыту;

— өсімдіктер карантині саласындағы жаңа нормативтік актілер және карантиндік зиянды организмдердің ұлттық тізбелері туралы ақпарат алмасу;

— елдер аумағының фитосанитариялық жай-күйі туралы өзара хабардар ету;

— зерттеу және диагностикалау тәжірибесімен алмасу бөлігінде өсімдіктер карантині жөніндегі ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button