БҚО-да жануарлар арасында құтырудың 5 ошағы анықталды
Батыс Қазақстан облысының үш ауданында құтырма ауруы бойынша эпизоотиялық жағдай қолайсыз, бұл жерлерде инфекцияның зооноздық ошақтары тіркелуде. Облыс аумағында жануарлар арасында құтырудың 5 ошағы анықталды, деп хабарлайды basagro.kz.
Ветеринариялық қызметтің деректері бойынша, 2022 жылы құтыруға 52 зерттеу жүргізілді, оның ішінде 9 жағдайда оң нәтиже анықталды.
Тұрғындар арасында құтыру ауруы тіркелген жоқ. Жалпы облыс бойынша жануардың тістеуінен, тырнауынан және сілекейлеуінен 2214 адам медициналық көмекке жүгінді.
Анықтама:
Құтырма – жануарлар мен адамдардың табиғи ошақтық ауруы. Бұл — орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын және уақытында екпе алмаса, соңы өліммен аяқталатын ауру.
Құтырманың вирусы адамдарға ауру жануарлар: ит, мысық, түлкі, енот, қасқыр, шиебөрі, жарғанаттан беріледі.