Жаңалықтар

Дрондар Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторын жаулауда

Қазақстандық фермерлер мезгіл сайын түрлі жәндіктер мен шегірткелердің шабуылына тап болады. Аграрилер өз тауарын сақтап қалуы мақсатында оларға тойтарыс беріп отыруға мәжбүр. Алайда, бұл фермерлер үшін оңай жұмыс емес.

Жақында ішкі нарықта зиянкестермен күресуге көмектесетін агродрон пайда болды.

Ауыл шаруашылығы дрондары қазақстандық фермерлерге өнімділіктерін арттыруға, шығындарды азайтып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуін бақылауға, жерлердің егжей-тегжейлі картасын жасауға көмектеседі. Мұндай дрондарды еліміздің түрлі аймақтарынан ондаған фермерлер сатып алды. Basagro.kz тілшісі агробизнесте қолданылатын заманауи технологиялар жайында «NavistarAsia» компаниясының бас техникалық маманымен әңгімелесіп қайтты.

@basagro.kz #Қазақстан #Казазстан #Kazakhstan #Basaqro #Басагро #Агро #Агробизнес ♬ оригинальный звук — Basaqro.kz

Сайранбек Мұратбаевтың айтуынша, агродрондарды Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аграрилері жиі сатып алады.

— Агродон телефон арқылы, электр батареяларында жұмыс істейді. Оны тегіс емес жерлерде қолдану жақсы. Әсіресе Қазақстанның шығысында. Таулы жерлерде дрон өте қолайлы. Дәстүрлі бүрку қолданылған кезде таптау пайда болады. Дронның арқасында бұл процесс жүзеге аспайды.

Сондай-ақ, маман агродронның техникалық қабілеттері туралы айтып берді.

— Олар температураны, ылғалдылықты және биіктікті бақылау кезінде ауыл шаруашылығында таптырмас көмекші бола алады. Мұның бәрі топырақ үлгілерін дәлірек алуға көмектеседі. Ауылшаруашылық дрондары егістік жерлердегі судың таралуын бақылай отырып, суару жүйесін ұйымдастыруда маңызды. Олар өнімділікті арттыру мақсатында дақылдардың өнуін және олардың концентрациясын бақылай алады. Дрондар дәстүрлі тракторға қарағанда дақылдарды шашыратып, топырақты әлдеқайда дәлдікпен ұрықтандыруға қабілетті. Бұл жұмысшыларға шығындар мен пестицидтердің әсерін азайтуға көмектеседі. Оларды егу кезінде де қолдануға болады, бұл материалды тұтынуды және егу науқанының уақытын азайтады.

Агродронның құны 19 мың доллар, бұл шамамен 9 миллион теңге. Айта кетейік, бүгінгі таңда агродрондарды 20-дан астам қазақстандық фермер сатып алған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button