Жаңалықтар

Еліміздің үш ірі қаласында бондтық қоймалар салынады

Сауда министрлігі «Қазпоштамен» бірлесіп, биылғы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бондтық қоймалардың құрылысын бастайды, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Сауда министрлігі мен «Қазпоштаға» биыл   Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бондтық қоймалар салуды тапсырды.

«Бізге өзіміздің бондтық қоймаларымыз қажет. Олар тауарларды еліміздегі сатып алушыларға, сол сияқты шетелдіктерге жеткізу процесін оңайлатуға мүмкіндік берер еді. Сондықтан, Сауда министрлігі «Қазпоштамен» бірлесіп, биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бондтық қоймалардың құрылысын бастауды қамтамасыз етуге тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button