Жаңалықтар

Жаңа жылда фермерлерді қандай жаңалықтар күтеді

Алматы облысына сапары барысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев аграршыларды жаңа жылда күтіп тұрған жаңалықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды basagro.kz.

Министр 2023 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін жеткізуге форвардтық қаржыландыру бойынша жаңа тәсілдер енгізіліп жатқанын, олар 3 кезеңде енгізілетінін атап өтті. Біріншіден, бұл күзгі және ерте көкөністерді 1 тамызға дейін және 1 қыркүйекке дейін форвардтық сатып алу, содан кейін оларды маусымнан тыс уақытта нарыққа жеткізу.

Екінші кезең, қант зауыттарының айналым қаражатын қаржыландыруға ұқсас қарақұмық, күріш және күнбағыс өңдейтін кәсіпорындардың шикізатын сатып алуға айналым қаражатын қаржыландыруды көздейді.  Үшінші кезең, мемлекеттік қолдау мен арзандатылған астықты өткізу тетіктері арқылы қаржыландыру.

Сонымен қатар, Ербол Қарашөкеев АӨК субсидиялау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстың аяқталғаны туралы айтып берді. Министр сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, фермерлік қоғамдастықтың пікірін мейлінше ескеруге, сондай-ақ ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін нұсқа әзірленгенін атап өтті.

«Сүтке, құс етіне және жұмыртқаға тауарлық-спецификалық субсидиялар бойынша субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады.  Жалпы алғанда, тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі ғана жойылады», — деп толықтырды АШМ басшысы.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шикізатты ішкі нарыққа, оның ішінде отандық қайта өңдеу кәсіпорындарына жеткізу бойынша қарсы міндеттемелерді алу нормасы енгізіледі.

Өтінімдерді онлайн беру үшін тегін мемлекеттік субсидиялау жүйесі енгізілді.

Субсидиялаудың жаңа қағидаларының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Ауыл шаруашылығы министрі фермерлерді аталған  құжатпен танысып, оны белсенді талқылауға қатысуға шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button