Астық, майлы және бұршақты дақылдар өндірушілеріне сауда стратегиясына қатысты ұсыныстар 28.01.2025
Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледі
Дәнді дақылдар
Қызыл-бір апта ішінде төмендеу, жасыл-көтерілу, барлық бағалар-жаңа егін жинау
элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кг | Ағымдағы баға | Өзгерістер | Ұсыным | Мүмкін
макс |
Мүмкін
мин |
жұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк + | 113 | — | САТУ | 145 | 90 |
жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін | 71 | — | САТУ | 95 | 70 |
жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін | 65 | — | САТУ | 85 | 60 |
жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін | 62 | +2 | САТУ | 80 | 50 |
жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17
клк дейін |
50 | — | САТУ | 65 | 35 |
арпа 2 сыныпты | 59 | — | САТУ | 60 | 35 |
Дурум (прот 14+) | 85 | — | САТУ | 120 | 70 |
Дурум (прот 15+) | 102 | — | САТУ | 150 | 90 |
Нарықта 4-сыныпты бидайдың құны өсті. Қалған бағалар алдыңғы деңгейде сақталды.
Кейбір трейдерлер сатып алуды тоқтатты: «Нарықта бағамен түсініксіз жағдай бар, шаруалар 4-сыныптың құнын 50-60 мың теңге/тоннадан 65 мың теңге/тоннаға (ҚҚС-пен) дейін көтерді».
Нарық қатысушылары бағаның көтерілуін фермерлердің ақшасы таусылып, жаппай сатыла бастағандығымен және бағаны көтеруімен түсіндіреді.
Астық егетін өңірлерде Хай-про 110 мың теңге/тоннадан (ҚҚС-сыз) ұсынады. Бірақ, трейдерлер мұндай бағамен шекарадан өтпейтінімізді хабарлайды.Соынмен қатар, Сарыағашта «төрттіктің» бағасы –тоннасына 165-170 доллар екенін хабарлайды.
Майлы дақылдар / бұршақ
Майлы дақылдар нарығында тек сояның қымбаттауы байқалады.
Трейдерлердің айтуынша, Алматы облысында соя құны көтерілген. Мәселен, желтоқсан айында 195 мың теңге/тоннадан сатып алсақ, қазір ҚҚС-пен 200 мың теңге/тоннаға алғысы келеді. Ал шекарада баға өзгермейді, Сарыағашта соя үшін 450 тоннасына/ доллар беріледі.
тг/кг, с НДС, с элеватора | Ағымдағы баға | Өзгерістер | Ұсыным | Мүмкін
макс |
Мүмкін
мин |
Зығыр | 213 | — | САТУ | 200 | 170 |
Рапс | 208 | — | САТУ | 250 | 180 |
Күнбағыс | 165 | — | САТУ | 190 | 160 |
Мақсары | 116 | — | САТУ | 110 | 85 |
Соя | 193 | +7 | САТУ | 285 | 200 |
Қыша қара/ақ | 215 | — | САТУ | 300 | 200 |
Бұршақ (сары)* | 92 | — | САТУ | 170 | 80 |
Жасымық қызыл** | 191 | — | САТУ | 220 | 180 |
Жасымық жасыл (үлкен көлемде) ** | 358 | — | САТУ | 450 | 350 |
Түсініктеме:
Ағымдағы баға – бұл Қазақстан ішіндегі элеваторда немесе вагонда ҚҚС-пен бірге келісімшарт жасалатын орташа салмақталған бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне және жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.