Инфографика

Астық, майлы және бұршақты дақылдар өндірушілеріне сауда стратегиясына қатысты ұсыныстар 28.01.2025

Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледі

Дәнді дақылдар

Қызыл-бір апта ішінде төмендеу, жасыл-көтерілу, барлық бағалар-жаңа егін жинау

элеватардан, ҚҚС-мен,  тг/кг Ағымдағы баға Өзгерістер Ұсыным Мүмкін

макс

Мүмкін

мин

жұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк + 113 — САТУ 145 90
жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін 71 — САТУ 95 70
жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін 65 — САТУ 85 60
жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін 62 +2 САТУ 80 50
жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17

клк дейін

50 — САТУ 65 35
арпа 2 сыныпты 59 — САТУ 60 35
Дурум (прот 14+) 85 — САТУ 120 70
Дурум (прот 15+) 102 — САТУ 150 90

Нарықта 4-сыныпты бидайдың құны өсті. Қалған бағалар алдыңғы деңгейде сақталды.

Кейбір трейдерлер сатып алуды тоқтатты: «Нарықта бағамен түсініксіз жағдай бар, шаруалар 4-сыныптың құнын 50-60 мың теңге/тоннадан 65 мың теңге/тоннаға (ҚҚС-пен) дейін көтерді».

Нарық қатысушылары бағаның көтерілуін фермерлердің ақшасы таусылып, жаппай сатыла бастағандығымен және бағаны көтеруімен түсіндіреді.

Астық егетін өңірлерде Хай-про 110 мың теңге/тоннадан (ҚҚС-сыз) ұсынады. Бірақ, трейдерлер мұндай бағамен шекарадан өтпейтінімізді хабарлайды.Соынмен қатар, Сарыағашта «төрттіктің» бағасы –тоннасына 165-170 доллар екенін хабарлайды.

Майлы дақылдар / бұршақ

Майлы дақылдар нарығында тек сояның қымбаттауы байқалады.

Трейдерлердің айтуынша, Алматы облысында соя құны көтерілген. Мәселен, желтоқсан айында 195 мың теңге/тоннадан сатып алсақ, қазір ҚҚС-пен 200 мың теңге/тоннаға алғысы келеді. Ал шекарада баға өзгермейді, Сарыағашта соя үшін 450 тоннасына/ доллар беріледі.

тг/кг, с НДС, с элеватора Ағымдағы баға Өзгерістер Ұсыным Мүмкін

макс

Мүмкін

мин

Зығыр 213 — САТУ 200 170
Рапс 208 — САТУ 250 180
Күнбағыс 165 — САТУ 190 160
Мақсары 116 — САТУ 110 85
Соя 193 +7 САТУ 285 200
Қыша қара/ақ 215 — САТУ 300 200
Бұршақ (сары)* 92 — САТУ 170 80
Жасымық қызыл** 191 — САТУ 220 180
Жасымық жасыл (үлкен көлемде) ** 358 — САТУ 450 350

Түсініктеме:

Ағымдағы баға – бұл Қазақстан ішіндегі элеваторда немесе вагонда ҚҚС-пен бірге келісімшарт жасалатын орташа салмақталған бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне және жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button