ЖаңалықтарМақала
Тренд

Биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектардан асады

Әртараптандыру қағидаттарын енгізу және жоғары сұранысқа ие дақылдарға баса ден қою ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз етуге және бағаның ауытқу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Оның айтуынша, биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылдың көлемінен 180 мың гектарға артық. Майлы дақылдар алқабы 4 млн гектардан, жемшөп дақылдары алқабы 3,3 млн гектардан асады. Қайта өңдеу жобаларын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында жүгері алқабы 265 мың гектарға дейін кеңейтілді, ал ұйымдасқан шаруашылықтарда картоп отырғызу 10 мың гектарға ұлғаяды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Осы жылы бидай алқабы 125 мың гектарға қысқарып, 12,1 млн гектарды құрайды, сондай-ақ су ресурстарын үнемдеу мақсатында күріш алқаптары 20,2 мың гектарға оңтайландырылды, бұл ретте тамшылатып суаруға арналған мақта алқаптары 29,8 мың гектарға ұлғаяды. Егістіктердің бекітілген құрылымы егіннің қажетті көлемін алуға және сыртқы сұраныс конъюнктурасын ескеруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті вице-министр.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button