Жаңалықтар

Ветеринариялық зертханаларды жабдықтауға бөлінген қаражаттың Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігіне тигізер әсері қандай болмақ?

ҚР Үкіметі өз резервінен еліміздің ветеринарлық қызметін нығайтуға 3,8 млрд теңге бөлді. Қаражат ветеринариялық зертханаларды Codex Alimentarius халықаралық ұсынымдарына, ережелері мен талаптарына сәйкес келетін дәлдігі жоғары жабдықтармен жарақтандыруға бағытталады,деп  BasAgro.kz хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру министрліктің негізгі функцияларының бірі болып саналады.

Мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс адамның өмірін, денсаулығын және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ импорттаушы елдердің талаптарына сәйкес отандық өнімнің экспорттық нарықтарын кеңейтуге және сақтауға бағытталған.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында отандық және экспорттық нарықты сақтаудың, сондай-ақ экспорт географиясын жоспарлы кеңейтудің және қазақстандық тауарларды шетелдік нарықтарда ілгерілету үшін шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

ЕАЭО-ның ұлттық заңнамасына сәйкес ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде зертханалық зерттеулерді мемлекеттік ұйымдар жүргізеді. Бұл ретте дәлдігі жоғары зертханалық жабдықты сатып алу тамақ және биологиялық қауіпсіздікті, тамақ өнімдерін, жануарлардан алынатын шикізатты, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қауіпсіздік көрсеткіштеріне зертханалық зерттеу бөлігінде халықаралық ұсынымдарға, қағидалар мен талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге, арзан және сапасыз импортты бақылауды күшейтуге, импортты тежеу және отандық өндірісті дамыту бойынша әділ шараларын қолдануға бағытталған.

Осылайша, бөлінетін қаражат мемлекеттік ветеринариялық зертханаларды тиісті жабдықтармен жабдықтауға жұмсалады. Бұл Еуразиялық экономикалық одақтың «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде және импорттаушы елдердің талаптарында белгіленген мал шаруашылығы өнімдеріндегі 70-тен астам қалдық дәрілік заттарды анықтауға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button