Жаңалықтар

Көктемгі егістік және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға 140 млрд теңге бөлінеді

Биыл көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен агроөнеркәсіптік кешендерге 140 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды basagro.kz.

Республикалық бюджеттен бөлінген алғашқы транш — 70 миллиард теңге корпорацияның шотына түсті.

Шаруалар жеңілдетілген несие қаражатын аймақтардағы кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары арқылы алады.

«Кең дала» бағдарламасы бойынша берілетін несиенің мерзімі — келесі жылдың 1 наурызына дейін. Несие қаражаты қаржы ұйымдарына 1,5% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен және 1,5% — дан басталатын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. Ал қаржы ұйымдары шаруашылықтарға несиені жылдық 5% -ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен рәсімдейді.

Бағдарлама шартында былтыр енгізілген жаңашылдықтар сақталды: егер бұрын несиелеу мерзімі қаржыландыру жылымен шектелген болса, енді келесі жылдың көктеміне дейін ұзартылып отыр.

Айта кетейік, өткен жылы мемлекет тарапынан егіс және егін жинау жұмыстарына 220 млрд теңге бөлінген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button