Жаңалықтар

Қайта өңдеушілерге 2023 жылға сиыр етін әкелуге бөлінген квота көлемін бөлуге қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды

2023 жылдың 1 мамырынан 1 маусымға (қоса алғанда) дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қайта өңдеушілерге 2023 жылға сиыр етін әкелуге бөлінген 8 840 тонна тарифтік квота көлемін бөлуге қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғанын жариялайды, деп хабарлайды basagro.kz.

Тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін қажетті құжаттар:

– сиыр еті бойынша тарифтік квоталардың қажет етілетін көлемін көрсете отырып, сондай-ақ дайын тауардың әрбір түрі бойынша дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылған шикізат көлемінде сиыр етінің үлесін көрсете отырып жоғырыда көрсетілген Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;

– кәсіпорынның (дара кәсіпкерлер үшін – өнеркәсіптік өнім өндіріс (дайындау) объектісінің есеп нөмірін тіркеу туралы (растау) анықтамасы) алдыңғы толық жыл үшін құжатты қабылдау туралы статистика органының белгісімен өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінің нотариатта куәландырылған көшірмесі (не салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде көшірмені).

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон бойынша хабарласыңыз: +8 (7172) 55-58-22.

Басқа жаңалықтар

Back to top button