Жаңалықтар

Қарағанды облысында егін алқабы 1,1 млн га құрайды

Қарағанды облысында егіске дайындық жүріп жатыр. Биылғы жылы дәнді және басқа да дақылдар 1,1 млн га жерге егіледі, деп хабарлайды basagro.kz.

Картоп пен көкөністер отырғызу көлемі артады.

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров баяндады.

– 2023 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының көктемгі егісі 1 105,5 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 43,7 мың гектарға артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 957,2 мың га, майлы дақылдар – 59 мың га, жемшөп дақылдары – 76,2 мың га жерге отырғызылатын болады. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында картоп отырғызу 12 мың га алаңда жоспарланған – өткен жылмен салыстырғанда 526 га, көкөністер – 1,7 мың га, – деп хабарлады ведомство басшысы онлайн режимде өткен аппараттық жиналыста.

Оның айтуынша, тұқымға қатысты проблемалар жоқ. Бірінші репродукциялы және элиталы тұқымдарды пайдалану артады. Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштарды қолдануға көп көңіл бөлінеді. Бұл өз кезегінде жерді ұтымды пайдалану және өнімділікті арттыру үшін қажет.

Өңірде суармалы жерлердің көлемі де ұлғайтылатын болады.

Техниканы дайындау жүргізілуде. Егіс науқанына 10 мыңға жуық трактор, 248 егіс кешені және 4774 сепкіш қатысады.

Арзандатылған дизель отынын бөлу қарастырылған. Егін егу үшін фермерлер «Кең дала» жеңілдікті несиелеу бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауды пайдаланды. Бұдан басқа, бюджеттен субсидиялар беруге, оның ішінде тұқым шаруашылығын дамытуға, пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар сатып алуға қаражат бөлінді.

Қарағанды облысында көктемгі егіс мамыр айында өтеді.

– Агротехнологияларды сақтау маңызды. Тұқымның сапасын уақытында тексеріп, минералды тыңайтқыштарды қолдануды арттыру қажет. Өсімдік өсірушілерді арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету бақылауда, – деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button