Жаңалықтар

Қарағанды облысында тұрғындарды жергілікті азық-түлікпен қамтамасыз ету көзделіп отыр

Қарағанды облысы 2027 жылға қарай өзін 80%-ға жергілікті өндіріс өнімдерімен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды basagro.kz.

Бүгінде ауыл шаруашылығында 24 мың адам жұмыс істейді. Саланы қолдаудың арқасында жаңа жұмыс орындары ашылуда.

– «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындарына 3,4 млрд теңге сомасына 653 шағын несие береміз. Көпбалалы отбасыларға, АӘК алушыларға және NEET жастарына ерекше назар аударатын боламыз. Қазірдің өзінде 353 өтінім қабылданды, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте.

Оның айтуынша, саланы дамыту есебінен ауылдарда 2,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Нарықты жергілікті азық-түлікпен қанықтыру жалғасады.

Бүгінде өңірде мал шаруашылығы өнімінің көлемі 65 млрд теңгеге жетті. Фермерлік шаруашылықтарда 390 мың жылқы, сиыр және бұқа 620 мың, 1 млн қой мен ешкі бар. Құс фермаларында 3,7 млн бас құс бар.

Өсімдік шаруашылығының көлемі де үнемі ұлғайып келеді. Биыл аграршылар 1,2 млн га жерге дән екті, бұл көрсеткіш былтырғы жылдан 22 мың га артық. Облыста картоп пен көкөніс отырғызылған алқаптар ұлғайтылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button