Жаңалықтар

Қазақстан фермерлерінің жыл сайынғы қажеттілігінің 20%-ы қаржыландырумен қамтамасыз етілген

Ауыл шаруашылығы министрі ОКҚ-да өткен брифинг барысында фермерлерге жылына 250-300 млрд теңге көлемінде несиелер қолжетімді екенін атап өтті. Дегенмен жыл сайын тек егіс науқанына қарыз қаражатына деген қажеттілік 1,5 трлн теңгені құрайды. Қаржыландырудың жетіспеушілігі ауылшаруашылық өнімдерінің қымбаттауына әкеледі,деп хабарлайды BasAgro.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы атап өткендей, ауыл шаруашылығындағы ең өткір мәселе – саланы ұзақ уақыт қаржыландырудың жеткіліксіздігі. Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығындағы көптеген мәселелердің, соның ішінде өнімнің өзіндік құнының жоғары болуының түп-тамыры осында деп дейді.

— «Қарыз қаражатының тапшылығына байланысты шаруалар тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткілікті пайдаланбайды және ескірген техникада жұмыс істейді, бұл ауыл шаруашылығында тиімділіктің төмендігіне алып келеді», — деді Ауыл шаруашылығы министрі.     

Мәселені түпкілікті шешу үшін шаруаларды қолжетімді несие қаражатымен дер кезінде қамтамасыз ету маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл салаға қаржы тарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылады. Бұл тек бюджет қаражаты емес, басқа да көздер, соның ішінде екінші деңгейлі банктердің капиталы арқылы да іске аспақ. Нәтижесінде: көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікті несиелендіру қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін жыл сайын 1,5 триллион теңге бөлінбек. 450 млрд теңге – ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бойынша тапсырысты 8-10% деңгейінде орындау мақсатында жеңілдікті лизингке бағытталады. 800 млрд теңге – инвестициялық жобаларды қаржыландыруға арналмақ.

Айдарбек Сапаров бұл қаражаттың барлығы қайтарымды, яғни ауыл шаруашылығы саласын несиелендіруге бағытталғанын баса айтты. Еске салайық, саланы несиелендіруде екінші деңгейлі банктердің үлесі барлық қаржыландыру көлемінің үштен бірінен аспайды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button