Жаңалықтар

Қазақстан Тәжікстанға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтады

Шағын және кеңейтілген құрамда өткен екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды basagro.kz.

Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп секторындағы өзара сауда-саттық көлемін ұлғайту перспективаларына тоқталды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдеріміз арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 40 пайызға өсіп, 500 миллион доллардан асты.

– Қазақстан – Тәжікстанға үлкен көлемде бидай мен ұн жеткізетін елдің бірі. Бұл ретте біздің өсімдік майлары, макарон, сүт өнімдері және кондитерлік өнім түрлері бойынша экспортты ұлғайту үшін резервіміз жеткілікті. Өз кезегінде Қазақстан Тәжікстаннан жеміс, көкөніс өнімдерін жүйелі түрде импорттауға мүдделі. Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сақтау үшін бірлескен кәсіпорындар құру перспективаларын қарастыруға келістік. Қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді және уақтылы іске асыру үшін Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасына қол қойылды. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында аталған шаралар мемлекеттеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button