Жаңалықтар

Қазақстан ТМД аясында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Астанада ТМД Парламентаралық ассамблеясының аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология саласындағы тұрақты комиссиясының отырысы өтті, передает BasAgro.kz.

Оған ТМД мемлекеттерінен: Ресей Федерациясы, Әзірбайжан , Армения, Беларусь, Қырғыз, Тәжікстан, Өзбекстан Республикаларынан парламенттік делегациялардың басшылары қатысты.

Сапар аясында Парламентаралық делегация мүшелері ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Азат Сұлтановпен кездесті.

«ТМД бірлескен шешімдер әзірлеу, ақпарат алмасу және АӨК саласындағы күш-жігерді үйлестіру үшін негізгі алаң болып қала береді. Қазақстан барлық қатысушы мемлекеттердің өзара тиімділігі, теңдігі және мүдделерін ескеру қағидаттарын қолдайды, бұл сындарлы өзара іс-қимылға және интеграцияны кеңейтуге ықпал етеді. Өзінің айтарлықтай аграрлық әлеуетінің арқасында еліміз өңірді сапалы және қолжетімді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелерінде ТМД елдері үшін сенімді серіктес болып қала береді», — деп атап өтті Азат Сұлтанов.

Кездесуге қатысушылар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, АӨК-дегі ТМД елдерінің өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы, халықты азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдау, АӨК және басқа салалардағы заңнаманы жетілдіру және біріздендіру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, ветеринарлық қауіпсіздік, аграрлық сектор үшін кадрлар даярлау және т.б. мәселелер бойынша пікір және ұсыныстармен алмасты.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button