Қазақстанда ирригациялық жабдықтар шығаратын зауыт салынады
Қазақстанда 2024 жылы құны 20 млн доллар тұратын ирригациялық жабдықтар шығаратын зауыт ашу жоспарланып отыр. Қытайдағы ең ірі жаңбырлату жүйесін өндірушісі VODAR компаниясы жобаға инвестиция салуға ниетті. ҚХР-ға сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен VODAR компаниясының бас директоры Карсон Чжоу өзара түсіністік туралы тиісті меморандумға қол қойды, деп хабарлайды basagro.kz.
Кәсіпорын «Қорғас Шығыс қақпасы АЭА» аумағында салынады деп күтіліп отыр. Бірінші өндіріс желісі биыл іске қосылады. Бұдан басқа, алдағы айларда Алматы және Павлодар облыстарында екі демонстрациялық алаң орнатылады. Айта кету керек, компания мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын талап етпейді және нарық жағдайында жұмыс істеуге дайын.
Айта кетейік, Қазақстанда су үнемдеу технологиялары енгізілген алаңдардың ұлғайғаны байқалады, бұған инвестициялық субсидиялау ықпал етті. Оның аясында фермерлердің қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алуға, сондай-ақ суды алу және беру үшін барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізуге жұмсалған шығындарының 50% өтеледі. АШМ 2030 жылға қарай қарқынды суару алаңын 750 мың гектарға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының VODAR және Kazakh Invest компаниясының басшылығымен кездесуі аясында екіжақты қатынастардың дамуына серпін беретін жол картасына қол қойылды.
Айта кетейік, VODAR суару жүйелері әлемнің 26 еліне, соның ішінде Австралия, Венгрия, Моңғолия, АҚШ және Ресейге экспортталады. Компанияның су үнемдеу технологиялары өндірісінің әлемдік көшбасшыларының бірі болып табылады.