Жаңалықтар

Қазақстанда саңырауқұлақ пен жидек үшін салық алынады

Келесі жылдан бастап қазақстандықтар саңырауқұлақ пен жидек тергені үшін салық төлейді, деп хабарлайды basagro.kz.
Қазіргі уақытта мемлекеттік орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағында өсімдік, жидек, жаңғақ, саңырауқұлақ жинаған кезде ғана салық төленеді.
«Мемлекеттік орман қоры аумақтарынан және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жиналатын фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық қажеттіліктер үшін өсімдіктердің жабайы түрлері бойынша төлемдер өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ретінде қаралады. Өсімдіктердің жабайы түрлерін жинау кезінде алынады», — делінген хабарламада.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары өсімдік түрлерін, өсімдіктің жабайы түрлерін жинаудың бір келісі үшін төлемақы мөлшерін белгілейді. Сондай-ақ төлемақы сомасын есептейді.
Өсімдіктердің жабайы түрін жинайтындар өсімдіктерді дайындап, жинаған орны бойынша бюджетке төлемақы төлейді.
Төлемақы бойынша салық есептілігі ұсынылмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button