Жаңалықтар

Қазақстанға Ресейден астық әкелуге тыйым салынды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды basagro.kz.

«Қазақстан республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен бидай (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 10011; 100199) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл шешім фермерлердің, трейдерлердің, диірменшілердің ұсынысы бойынша Ресей бидайының Қазақстанға жеткізілуінің басым бөлігі ҚҚС төлемей контрабандалық тәсілмен жүріп жатқандығына байланысты қабылданды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button