Жаңалықтар

«QazBioPharm» ұлттық холдингі ауыл шаруашылығы бағытындағы дәрі-дәрмек өндірісінің көлемін арттырмақ

Ауыл шаруашылығы министрлігі «QazBioPharm» ұлттық холдингінен 25,8 миллион доза ветеринариялық препараттар мен диагностика сатып алуды жоспарлап отыр,деп BasAgro.kz хабарлайды ҚР Премьер-Министрлігіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде «QazBioPharm» басшысы Ерғали Әбдірайымов мемлекеттік органдармен аталған өнімді өндіруге және жеткізуге ұзақмерзімді келісім-шарттарды бекітуге ниет білдірді. Аталған мәселе тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе қарастырылатын болады.

«Отандық өндірушіні қолдау шараларының маңызы зор. Алайда, бұл ретте ұсынылатын препараттар сапасына баса мән берілгені жөн. Ол үшін «QazBioPharm» ұлттық холдингі басшылығы тікелей жауапты. Дәрі-дәрмектерді өндіру және жеткізу мерзімі бойынша бекітілген кестені қатаң сақтау қажет», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button