Жаңалықтар
Trending

ҚР АШМ жанынан етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылатын болады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров асыл тұқымды ІҚМ тұқымдары бойынша республикалық палаталармен, сондай-ақ етті мал және қой шаруашылығы бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Кездесудің негізгі мақсаты етті мал шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылау болды.

Кездесу барысында қатысушылар етті мал шаруашылығының ағымдағы жай-күйін, сондай-ақ саланы одан әрі дамыту жоспарларын талқылады.

«Мал шаруашылығы еліміздің АӨК негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның үлесіне ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің шамамен 40%-ы тиесілі. Сала тұрақты қарқынмен дамып келеді. Сонымен қатар, біз бүгін осы саладағы мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын әзірлеуіміз қажет.

Жалпы, ІҚМ басының тұрақты өсуі байқалады. 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өсім 120,6% құрады. ІҚМ жалпы саны 8,2 млн басты құрайды, оның ішінде ет және ет – сүт бағыттары-4 млн.астам. 313,8 мың тонна сиыр еті өндірілді, өсім 106,2% құрады. Біз өз қажеттіліктерімізді 101%-ға қанағаттандырамыз», — деді Айдарбек Сапаров. Сонымен қатар, министр етті мал шаруашылығының дамуын тежейтін бірқатар мәселелер бар екенін, олар бойынша бизнестің пікірін тыңдау маңызды екенін атап өтті.

Сала өкілдері жағдайды жақсарту бойынша шешімдер мен ұсыныстарды талап ететін бірқатар өзекті мәселелерді айтты.

Олардың қатарында айналым қаражатының жетіспеушілігі, ет экспортының логистикасы, салық салу мәселелері, цифрлық құралдарды дұрыс есепке алу және қолдану қажеттілігі, шаруашылықтарды экспорттаушылар тізіліміне енгізу және басқалары бар.

Кездесу қорытындысы бойынша министр сала өкілдерінің арасынан мүдделі тараптарды қоса отырып, жұмыс тобын құруды тапсырды. Топтың негізгі мақсаты-етті мал шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша АШМ-мен жедел өзара іс-қимыл жасау.

Басқа жаңалықтар

Back to top button