Жаңалықтар

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығындағы статистикалық мәліметтерді жаңарту бойынша жұмыстарды аяқтады

Ауыл шаруашылығын дамытудағы жүйелі проблемалық мәселелердің бірі – қала, кент және ауылдық округ әкімдері жүргізетін шаруашылық есебінің негізінде қалыптастырылған мәліметтерді пайдалануға байланысты салалық статистиканың бұрмалануы.

Қате кіріс деректері нарықтағы өнім тапшылығы, артық өндіріс, мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі және басқа да жағымсыз салдарлар сияқты күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін.

Саланың тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы саласындағы статистикалық деректерді сәйкестендіру жұмыстарын аяқтады.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны бағытындағы әр шаруашылық бойынша электрондық есепке алу деректерін өзектендіру нәтижесінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қоса алғанда, ірі қара мал басы шамамен 2 млн басқа, сүт өндірісі 3 млн тоннаға, қой саны — 14% -ға, ешкі — 20%, шошқа — 34%, үй құсы — 22%, тірі салмақтағы ет өндірісі — 15%, тауық жұмыртқасы — 10% қысқарды.

Тиісті деректер жоспарлау мен ішкі нарықты реттеу бойынша шешімдер қабылдау сапасын арттырады.

Дәл осындай жұмыстар өсімдік шаруашылығында да жүргізілуде, оны 2024 жылдың тамыз айына дейін аяқтау жоспарланған.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button