ҚТЖ басшылығына қатысты тергеу басталды
Астана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі және Бас көлік прокуратурасы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру дерегі бойынша «ҚТЖ» АҚ басшылығына қатысты соталды тергеп-тексеру бастады, — деп хабарлайды basagro.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Арызға сәйкес келтірілген алдын ала залал 1,5 миллиардтан аса сома ретінде көрсетілді. Тергеу процесі прокурорлар тобының басшылығымен жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін basagro.kz «Бест Қостанай» ЖШС өз жұмысын тоқтатып, 150 қызметкері жалақысыз демалысқа шығуға мәжбүр екені туралы хабарлаған болатын. Бұған 2023 жылдың 16 қаңтарынан 28 ақпанына дейін барлық станциялардан бос меншікті және жалға алынған жабық вагондарды тасымалдауға тыйым салу себеп болды.