Новости

Түркістан облысында аустралиялық әдіс бойынша салынған алғашқы бордақылау алаңы іске қосылады

«Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» негізгі мақсаттарының бірі – елдің тұрмысын түзеу. Осы орайда Түркістан облысына жұмыс сапары барысында вице-премьер Серік Жұманғарин 50 мың бас ірі қара малға арналған Қазақстандағы ең ірі бордақылау алаңын салу орнына барды.

Извините, этот текст доступен только на “Қазақ тілі”.

Жобаны Арыс қаласында «Turkestan Agro.kz» компаниясы жүзеге асырып жатыр. Биыл жүзеге асатын бірінші кезеңінде 5 мың бас, 2025-2026 жылдары тағы 10 мың бас, 2026-2027 жылдары 25 мың бас сатып алынады. Құрылыстың, бордақылаудың және мал жаюдың барлық жүйесі мал шаруашылығын жүргізудің аустралияда қолданылатын торда өсіру тәсілімен жүзеге асырылады.

Мұнда Арыс қаласында «Turkestan Agro.kz» 4 710 гектар алқапта жаңбырлатып суару технологиясын қолдана отырып, мал азығы дақылдарын өсіруді жоспарлап отыр. Бұл мал бордақылау алаңын қажетті азық көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Компания басшысы Сырым Ертаев қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы мен қаржы институттары тарапынан АӨК саласындағы инвестициялық жобаларға бөлінетін жеңілдіктер мен қаржыландырудың тоқтап тұрғанына байланысты құрылыс жобасын іске асыру барысы баяулағанын айтты. Сондай-ақ «Көксарай» су реттегішінен суды пайдалануға рұқсат алудың да проблемалары бар.

Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне қысқа мерзімде инвестициялық жобалар бойынша кеңес өткізіп, қаржыландыру мәселесін шешуді тапсырды. Сонымен қатар ол Су ресурстары және ирригация министрлігімен егіндік суды пайдалану мәселесін пысықтауды міндеттеді.


Аустралиялық мал шаруашылығы әдісі
— шығындарды азайту, қалдықсыз өндіріс және тұрақты бақылаудың заманауи тәсілі

Өткен жылдың желтоқсан айында вице-премьер Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Австралияға сапармен барды. Делегация құрамында кәсіпкерлер, аграрлық сала мамандары және шенеуніктер болды. Сапар барысында олар ірі қара мен қойға арналған екі кең аумақты аралап, өндіріске қатысты мәселелерді талқылады.

Делегация бірінші болып аяқ басқан жер – қуатты бір мезгілде 35 мың бас ірі қара малды құрайтын Southern Cross Feedlot заманауи бордақылау алаңы болды. Қазақстандық аграрийлер заманауи жабдықтармен, инфрақұрылыммен, азықтандыру әдістерімен, диірменмен, сондай-ақ осындай ірі алаңды басқару қағидаттарымен танысты.

35 мың басты бағатын мұндай фермаға инвестиция көлемі шамамен $25-30 млн-ды құрайды, қайтарымы бір-екі жылда болады, содан кейін барып қана фермер таза пайда ала бастайды. Аустралиялық фермерлердің айтуынша, 5 мың басқа арналған бордақылау алаңы салынғаннан кейін қуатты одан әрі кеңейту үшін қосымша инвестициялар қажет емес.

Жануарды мал бордақылау алаңына әкелген кезде құлағындағы бирка арқылы оны есепке алу процесі, параметрлері мен тарихы автоматты түрде оқылады. Мал сатылатын ел стандарттарына сәйкес әр түрлі бордақылау бағдарламалары бойынша бөлінеді. Бұл фермада 4 бордақылау бағдарламасы бар: ЕО елдері үшін, 150, 200 және 350 күнге. 25 тұрақты жұмысшы жұмылдырылған.

Бұл фермада мал күн сайын 1,5-2 кг салмақ қосады. Өндірістің арзандауы аустралиялық фермерлердің негізгі бөлігінде жайылымның кезектесу әдісіне, бордақылаудың үш кезеңіне, қалдықтарды толық өңдеуге байланысты болып отыр. Әр кезеңдегі шығындарды азайту және биржада жақсы ұйымдастырылған мал саудасы салынған инвестициядан мүмкіндігінше тез пайда алуға мүмкіндік береді.

Қойларды бордақылауға да ұқсас экономикалық тәсіл қолданылады. Қазақстандық мамандар онымен Bakersfield Feedlot бордақылау алаңына барған кезде танысты. Толық автоматтандырылған жем беру жүйесі бір мезгілде 16 мың қозыны бордақылауға мүмкіндік береді, жыл сайынғы айналым – 65 мыңнан астам бас.

Басқа жаңалықтар

Back to top button