Жаңалықтар

СҚО-да ірі қарадан бруцеллез анықталған ауылға шектеу енгізілді

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданының Камышлов ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталып, аталған елді мекен аумағында шектеу жарияланды, деп хабарлайды basagro.kz.

2023 жылғы 25 мамырдағы эпизоотологиялық сараптама актісі бойынша жануарлардан алынған 6 сынама бруцеллезге оң реакция көрсетті. Қосымша зерттеулерде тағы 6 жұқтырған жануар анықталды.

«Ет өңдеу кәсіпорындарына 12 ірі қара мал союға тапсырылды, ал бір сиыр союға дейін өліп қалды», – делінген құжатта.

Құжатта қоздырғыштың таралу көзі өлген мал мен бруцеллездің бар-жоғына тексерілмеген жас мал екені көрсетілген.

Осыған байланысты 16 500 шаршы метр аумақта мал шаруашылығы ғимараттары мен оған іргелес аумақтарды механикалық тазалау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Сондай-ақ Камышлово ауылында ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы шектеу іс-шараларының ветеринариялық режимін енгізу тапсырылды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button