Субсидиялауға 6,1 млрд теңгенің өтінімі «күту парағында» тұр
Субсидиялаудың барлық бағыттары бойынша берілген 12 095 өтінімнің ішінен Ауыл шаруашылығы басқармаларын қарау қорытындысы бойынша «күту парағына» жалпы сомасы 6,1 млрд теңгенің өтінімі мақұлданып, «күту парағына» жіберілді, деп хабарлайды basagro.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері журналистерге субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмысы туралы айтып берді. АШМ әрдайым осы бағыттағы баламалы ақпараттық жүйелерді дамытуды жақтайтыны және фермерлер gosagro.kz жүйесі тегін, ал qoldau.kz порталы арқылы ақылы негізде өтініш бере алатындығы жоспарланғаны атап өтілді. Алайда, өткен жылы жұмыс істеп тұрған qoldau ақпараттық жүйесінің иелері сол кезде құрылған СБМАЖ-мен тиісті интеграцияны жүргізуден бас тартып, қызмет көрсетуді тоқтатты. Бұл ретте өзекті тарихи деректер 2023 жылдың наурыз айында ғана берілді.
Сонымен қатар, жаңа жүйені құрудың негізгі міндеттері мемлекеттік қызметтерді тегін көрсетуді қамтамасыз ету және қызмет алушылардың өздерін анықтау тетіктерінің ашықтығы болды. Бұл функция толығымен іске асырылды.
Сонымен бірге, СБМАЖ іске қосу кезеңінде пайдаланушылардың тарапынан порталдың техникалық құрамдас бөлігіне қатысты белгілі бір теріс пікір мен ескертулер болды. Бұл мәселелер жедел түрде пысықталып, жойылады. Фермерлер мен Ауыл шаруашылығы басқармаларының қызметкерлері үшін оқыту ұйымдастырылды. АШМ мамандары өңірлерге барып, туындаған мәселелер бойынша офлайн режимде кеңес беріп отырды. Қазір арнайы топ Түркістан облысында жүр, ал осы аптаның соңына дейін Қызылорда және Жамбыл облыстарында жұмысын жалғастырады.
Сондай-ақ, негізгі салалар бойынша 6 телеграмм-чат жұмыс істейді, Көп арналы Call-орталықтың жұмысы ұйымдастырылды: +77172677117, +77076421032. Пайдаланушыларды оқытуға арналған бейнероликтері жасалып, YouTube арнасында орналастырылды. https://www.youtube.com/@gosagrogosagro598.
Техникалық мәселелердің шешілуіне қарай келіп түскен ескертулерге талдау жүргізілді, оның ішінде жаңа функционалды пайдаланушылардың қолданыстағы qoldau.kz жеке субсидиялау жүйесімен салыстыруы жүргізілді.
Жаңа жүйеде өз өрістерінің картасын өз бетінше сызу тәжірибесі алынып тасталды, өйткені Qoldau-ға енгізілген деректерді тексеру жұмысы жүргізілмеген. Тыңайған жерлерді, су қоймаларының бөліктерін егістік картасына тіркеу фактілері анықталды, осылайша фермерлер егістік алқаптарын қолмен көбейтіп, заңсыз төлемдер алып келген. Анықталған материалдар жалпыланып, құқық қорғау органдарына жіберіледі. gosagro.kz жүйесінде өңделетін жерлердің ауданы ғарыштық суреттер негізінде автоматты түрде белгіленеді және фермер үшін agroopen.kz порталында көрсетілетін болады.
Жаңа мемлекеттік жүйеде интеграция арқылы субсидияларға берілген ЭШФ-ны «бұғаттау» функционалы іске асырылды. Бұған дейін Qoldau жүйесінде ЭШФ интеграциясы мен бұғаттауы болған жоқ. Бір нысанның ЭШФ кері қайтарып алу арқылы жеке жүйеде 10 реттен көп субсидия алған фактілері бар. СБМАЖ-да мұндай мүмкіндік толығымен алынып тасталады.
Сонымен қатар, жүйеде реттік нөмір бере отырып, бюджеттің болуына қарамастан, өтінімдердің «күту парағы» тетігі іске асырылды, яғни кез келген ыңғайлы уақытта фермер өтінім береді. Мақұлданған жағдайда ол «күту парағына» түседі. Бюджет тек «күту парағындағы» өтінімдер бойынша, бірінші күннен бастап келесі өтінімге автоматты түрде бөлінеді. Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды.