Жаңалықтар

Тұқым шаруашылығы қондырғыларына төленетін субсидия нормативі 25%-дан 80%-ға дейін артады

Тұқым шаруашылығы қондырғыларына төленетін субсидия нормативі 25%-дан 80%-ға дейін артады, деп хабарлайды basagro.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында жазды.

«Аттестацияланған тұқым шығаратын жекеменшік өндірушілердің жарақталу деңгейін жақсарту үшін инвестициялық шығындардың бір бөлігін субсидиялау ережесіне өзгеріс енгізілуде. Нақтырақ айтсақ, тұқым шаруашылығының селекциялық техникаларына және тұқым тазалау-сұрыптау қондырғыларына жұмсаған шығынды өтеу нормативін 25%-дан 80%-ға дейін арттыру жөнінде өзгеріс енгізіліп жатыр», — деп жазылған жауапта.

Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы жариялаған түпкілікті қорытынды бойынша, «Ауыл» партиясына Мәжіліс мінберінен 8 мандат берілген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button