Жаңалықтар

Абай облысында мемлекет меншігіне 16,5 мың гектардан астам жер қайтарылды

Абай облысының аумағында пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекетке қайтару туралы мәселені шешуде айтарлықтай ілгерілеушілік байқалады, деп хабарлайды Basagro.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Фото: ашық ақпарат көзі

Осы бағытта жұмыс істеу үшін өңірлік ведомствоаралық комиссия құрылды.

Жарма ауданында тиімді көрсеткіштер бар.

Мәселен, 11 жер пайдаланушының жалпы ауданы 16 523,7 га жер учаскелері қайтарылды.

«Ақжан» шаруа қожалығы Суықбұлақ кенті бойынша 160,0 га, «Әділет Жан са Ерасыл» шаруа қожалығы 2180,0 га қайтарылды, «Атамекен» шаруа қожалығы Қапанбұлақ ауылдық округі бойынша 7400,0 га, Қызылағаш ауылдық округі бойынша 5000,0 га қайтарылды. «Медеу» ШҚ Аршалы ауылдық округі бойынша 539,6 га, «Шынар» ШҚ Қалбатау ауылдық округі бойынша 18,1 га қайтарылды.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тұрақты негізде пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жер учаскелерін пайдаланушыларға мемлекеттік меншікке ерікті түрде қайтару бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button