Жаңалықтар

Әбілхайыр Тамабек шетелдік әріптестермен ҚХР-ға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруды талқылады

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек бастаған қазақстандық делегация 15 қаңтарда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына (ҚХР) сапармен барды, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) Халық Үкіметі төрағасының орынбасары Мардан Мукийтпен келіссөздер барысында тараптар шегіртке, басқа да зиянкестер, өсімдік аурулары мен арамшөптерге қарсы қорғаныс іс-шараларын жүргізу кезінде, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану үшін заманауи технологияларды пайдалану мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісті.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация ШҰАА-дағы әріптестерімен ҚХР-ға қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің ассортиментін кеңейту және экспорт көлемін арттыру, сондай-ақ Қазақстандағы аграрлық сектор өндірісін дамытуға қытайлық компаниялардың инвестицияларын тарту мәселелерін талқылады.

Келіссөздер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Халық Үкіметі арасында аграрлық-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, тараптар ауыл шаруашылығында пайдалану кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын стандарттау және метрология саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол жеткізді.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы халық үкіметіне ауыл шаруашылығы саласындағы өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру аясында «Ынтымақтастықтың жол картасын» әзірлеу үшін бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button