Жаңалықтар

Аграрлық несие корпорациясы «Қарызды пайызсыз өте» акциясын бастады.

Аграрлық несие корпорациясы 26 маусымға дейін жалғасатын «Қарызды пайызсыз өтеу» акциясын бастады, деп хабарлайды basagro.kz.
Акцияға науқан кезеңінде мерзімі өткен берешегі бар, оның ішінде сот шешімі бойынша өндіріп алынатын қарызы бар несие немесе лизинг алушылар (заңды және жеке тұлғалар) қатысып, қарыздарын өсімсіз өтей алады. Тұтынушының несиелік келісімдер немесе қаржылық лизинг шарттары болса, әрбір міндеттеме бойынша өсімпұл сомасы жеке-жеке есептеледі.
Қарыз немесе лизинг алушы бір ғана қарыз шарты (қаржылық лизинг шарты) бойынша келесі төлемдерді толық өтеген жағдайда ғана пайыздарды есептен шығаруға болады. Олар: мерзімі өткен сыйақы, мерзімі өткен негізгі қарыз, мерзімі өткен негізгі борыш бойынша есептелген сыйақы және өсім сомасы.
Ескерте кететін нәрсе, акцияға әр қатысушыда бір рет қана мүмкіндік бар.
Әр тұтынушы 2023 жылдың 26 ​​маусымына дейін Аграрлық несие корпорациясының есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы қарызын өтей алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button