Жаңалықтар

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттады

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға өзгермеді, ал жылдық мәнде 11,8%-ға өсті, деп хабарлайды basagro.kz.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы
/2023 жылғы 11 сәуір/:

Қарақұмық – 434 тг/кг
Пияз – 178 тг/кг
Тауық еті – 1235 тг/кг.

Басқа жаңалықтар

Back to top button