Жаңалықтар

Ауылда жұмысшыларына арнап үй салған кәсіпкерлерге субсидия беру тәртібі әзірленді

ҚР ИИДМ ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды basagro.kz.

Аумағында жұмыс берушілер тұрғын үй салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімін әкімдіктер айқындайды және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңға сәйкес мәслихаттар бекітеді.

Бұл ретте аудан орталықтарының және облыс орталықтарымен, моно және шағын қалалармен тікелей жақын орналасқан немесе агломерациялардың, функционалдық қалалық аудандардың құрамына кіретін тізімдерге, ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге енгізуге жатпайды.

Атап өтілгендей, тұрғын үй құрылысын жұмыс берушілер инженерлік желілермен қамтамасыз етілген жер учаскелерінде жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Субсидиялаудың негізгі шарттары:

жалпы ауданы 100 шаршы метрге дейін және құны 1 шаршы метр 100 мың теңгеден аспайтын пайдалануға берілген тұрғын үй (блокталған тұрғын үйдегі пәтер) құнының 50% — нан аспайтын мөлшерде жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау (тұрғын үйдің ауданы 100 шаршы метрден асқан жағдайда, тек 50 шаршы метр тұрғын үй субсидиялауға жатады);
жұмыс берушіде қызметкермен 5 жылдық мерзімге еңбек шартының болуы;
пайдалануға берілген тұрғын үйге ауыртпалықтың болмауы.

Субсидия төлеу мәселесін қарау үшін жұмыс берушілер Қағидаларда көрсетілген құжаттарды жергілікті атқарушы органға ұсынады.

Осыдан кейін әкімдік 5 жұмыс күні ішінде өтініштерді мақұлдау туралы шешім қабылдайды немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды ұсынады.

Жергілікті атқарушы орган мен жұмыс беруші арасында субсидиялар алу үшін 10 жұмыс күні ішінде ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үйлер салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау шарты жасалады.

Бюджет қаражаты түскеннен кейін жергілікті атқарушы орган 5 жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің банктік шотына субсидиялар аударуды қамтамасыз етеді.

Субсидияларды төлеу бекітілген бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатыны көрсетіледі.

Құжат 11 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button