Жаңалықтар

Ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындары бизнес үшін жеңілдікпен шағын несие ала алады

2023 жылдан бастап Қазақстанның ауылдық елді мекендері мен шағын қалаларының тұрғындары бизнесті кеңейтуге, мал, ауыл шаруашылығы техникасын немесе жабдықтарын сатып алуға жеңілдікпен шағын несие ала алады. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны кеңейтудің арқасында мүмкін болады. 2019 жылы ол Жамбыл облысында пилоттық режимде сәтті іске асырылды, деп хабарлайды basagro.kz.

Бүгін Ақтөбе облысының тұрғындарына жобаның шарттары мен ережелері туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов өңірге жұмыс сапары кезінде айтып берді.

Осы жоба бойынша шағын несие беру мерзімі – 5 жыл, бұл ретте мал шаруашылығы саласындағы бастамалар үшін 7 жыл көзделген. Максималды сома – 2,5 мыңнан 8 мыңға дейін (зәкірлік кооперация) АЕК, номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды.

Қаражатты ісін жаңа бастаған және бұрыннан жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер; зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылатын жұмыскерлер; ЖК ретінде тіркелмеген тауарларды өндіру немесе сату, жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуді дербес жүзеге асыратын тұлғалар (оның ішінде әрекетсіз ЖК); отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар; жеке қосалқы шаруашылықта күнкөріс деңгейінен төмен табыс алып, сату немесе айырбастау үшін өнім өндіретін тұлғалар ала алады.

Жобаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 52,4 млрд теңге (11 мыңнан астам шағын несие) көзделген. Бұл ретте әкімдіктер қазіргі уақытта қосымша қанша қаражат қажет екенін анықтау үшін ауылдық округтерге скрининг жүргізіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button