Жаңалықтар
Азық-түлік корпорациясы фермерлерге қарыз жүктемесін азайтуды ұсынды
«Азық-түлік корпорациясы» ұлттық компаниясы Ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған ауыл шаруашылығы өндірушілеріне (оның ішінде 2021-2022 жылдардағы форвардтық сатып алу бағдарламалары бойынша) негізгі қарыз сомасын 2023 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде толық қайтарған кезде борыштық жүктемені төмендету мүмкіндігін береді, деп хабарлайды basagro.kz.
«Өсімпұл мен айыппұлды төлеу бойынша міндеттемелерді тауар жеткізу, сондай-ақ негізгі борышты ақшалай қаражатпен тікелей корпорацияның шотына қайтару арқылы орындау мүмкіндігіне жол беріледі», — деп хабарлады Азық-түлік корпорациясы.
Толығырақ ақпаратты Азық түлік корпорациясының облыстық өкілдіктерінен алуға болады:
- Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22;
- Қостанай облысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік к., 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 54-28-94;
- Солтүстік-Қазақстан облысы: Петропавловск қ., Партизанская к., 160, тел. (8-715-2) 42-22-66, 55-11-60.