Жаңалықтар
Бір жыл ішінде Қазақстандағы фермерлік шаруашылықтардың саны 9%-ға өсті
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған шаруа немесе фермер қожалықтарының саны 8,7%-ға өсті, деп хабарлайды basagro.kz. Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Елде шаруа немесе фермер қожалықтарының тіркелген субъектілерінің саны 248 602 бірлікті құрады, оның ішінде 240 720-сі жұмыс істеп тұр. 2021 жылмен салыстырғанда қожалықтардың саны 8,7%-ға өскен.
Шаруа немесе фермер қожалықтарының ең көп саны Түркістан облысында тіркелген – 74 355 бірлік. Одан кейін Алматы (27 961) және Жамбыл (23 780) облыстары. Шағын және орта бизнес құрылымындағы жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтарының үлесі 13,2% құрады.