Жаңалықтар

Дархан Әбдікәрімов ҚР АШМ комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Дархан Есентемірұлы Әбдікәрімов ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Дархан Есентемірұлы 1969 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын «Агрономия» мамандығы бойынша, 2016 жылы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Қостанай облысы Науырзым ауданы совхозында жұмысшы болып бастаған.

2000-2005 жылдары ҚР АШМ Қостанай облысы Науырзым аудандық аумақтық басқармасының жетекші маманы — фитосанитариялық инспекторы,

2005 жыл — Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімі аппаратының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы;

2006-2010 жж. — ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі Науырзым аудандық филиалының директоры;

2010 — 2014 жж. — ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы өсімдіктерді қорғау мемлекеттік инспекциясы бөлімінің басшысы;

2014 — 2017 жж. — ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары;

2017 жылдан 2018 жылға дейін — Қостанай облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы;

2021-2024 жылдар аралығында — ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының басшысы;

Тағайындалғанға дейін ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button