Жаңалықтар

Елде ауыл шаруашылығы жануарларын шетелге экспорттаудың жаңа ережелері күшіне енді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, 2022 жылғы 31 желтоқсаннан  бастап, Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын шетелге экспорттаудың жаңа ережелері күшіне енді, деп хабарлайды basagro.kz тілшісі.

Соған сәйкес келесі сандық шектеулер енгізілді:

– Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102) 60 000 бастан аспайтын бұқашықты шығаруға;

– Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО мемлекеттеріне (тауар номенклатурасының коды 0104) 120 000 бастан аспайтын қошқарды шығаруға рұқсат.

Бұйрыққа сәйкес квоталар тек 12 айдан асқан бұқалар мен 6 айдан асқан қошқарларға белгіленеді, сондай-ақ аналық малға қолданылмайды.

ІҚМ бойынша бір бордақылау алаңына 500, бір тауар өндірушіге 200 бас, ал ұсақ мал бойынша бір бордақылау алаңына 1000, бір тауар өндірушіге 500 мал басына квота алуына рұқсат.

Бүгінгі таңда экспортқа бағытталған 602 бас ірі қара мал карантинге қойылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button