Жаңалықтар

Фейк:«Бананда кездесетін жаңа вирустан 23 адам қайтыс болды»

Қазнет қолданушылары Қытайдың Синьхуа қаласындағы ауруханада 23 адамның өліміне себеп болған «N7N90» жаңа вирусы туралы ақпарат таратып жатыр. Онда аурудың қоздырғышы бананда болатыны айтылған. Stopfake.kz анықтағандай, бұл Ресей мен Украинада жыл басында тараған ескі фейк, деп жазады BasAgro.kz.

«Кеше түнде Синьхуа ауруханасында N7N90 вирусын жұқтырған 23 адам қайтыс болды. Жасы ең үлкені – 35-те, ең кішісі бір жаста еді. Олармен байланыста болған дәрігерлер карантинге жатқызылды. Елдің басты арнасының жаңалықтарында бананды, әсіресе оңтүстіктен әкелінгенін сатып алмауға кеңес берілді. Бұл хабарламаны алған бойда ет-жақындарыңызға, ең дұрысы топтық чаттарға жіберіңіз. Өз денсаулығыңыз үшін таратыңыздар, өтініш. Банан жеуді азайтыңыз!», – делінген хабарламада.

Stopfake мәліметінше, осы мәтінді биылғы жыл басында Ресей мен Украина қолданушылары бір-біріне таратқан. Алайда, бұл ақпаратқа растау табылмады.

«Сонымен қатар N7N90 деген вирус жоқ. Бұл жерде құс тұмауы вирусының штамы жайлы айтылған болар – H7N9. Ол ауа-тамшы жолымен беріледі. Аурудың қоздырғышы жемістердің ішінде өмір сүре алатындығы және олар арқылы берілетіні туралы мәліметтер жоқ.

Құс тұмауының ошақтары 2013 жылы Нидерланд, Италия, Канада, Америка Құрама Штаттары, Мексика және Ұлыбританияда тіркелді. Көп жағдайда инфекция үй құстарынан табылған. Нидерландта бір адам қайтыс болды, басқа жағдайларда ауру конъюнктивит және жоғары тыныс жолдарының жеңіл инфекциясы түрінде өткен», – делінген фейк мәліметтерді әшкерелейтін сайтта.

Басқа жаңалықтар

Back to top button