Жаңалықтар

Ірі отандық агрохолдингтің басшысы ауысты

Еліміздегі ең ірі «Олжа Агро» агроөнеркәсіптік холдингінің жаңа бас директоры болып Айдарбек Қожаназаровтың інісі Әлішер тағайындалды, деп хабарлайды  basagro.kz.

«5 жыл бұрын біздің команданың алдында үлкен сынақ тұрды. Біз қарызға белшесінен батқан кәсіпорынның жұмысын қайта жандандыру бойынша ауыр жүкті өз мойнымызға алдық.
Нақты есімде, біздің 15-16 шақты түрлі несие берушілер алдындағы міндеттемелер мен жалпы қарызымыз бір миллиард долларға жуық болды. Сол уақытқа сәйкес, қомақты қарыздан құтылу үшін бізге ең жақсы дегенде — 50 жыл қажет болатын еді.
Алайда, мен сол кезде жанымнан табылған жандарға кәміл сендім – берік команда, сенімді және адал тірек пен арқа сүйер әріптестеріме. Содан бері талай қиындықты бірге өткеріп, жетістіктің қуанышымен ортақ бөлісіп, табанды еңбектің арқасында құлдыраған компанияға жаңа дем беріп, еліміздің ең ірі холдингіне дейін өркендеттік!
Енді менің саяси қызметке көшуіме байланысты @olzhaagro басшысы лауазымын өзімнің мұрагерім, өмірде — ініме, бизнесте — сенімді арқа сүйер қызметтесім Әлішер Қожаназаровқа үлкен сеніммен тапсырып отырмын. Оның кәсібилігі мен тиімді басқаруының арқасында «Олжа Агро» мекемесі тек биік белестерді бағындырарына сенімдімін.
Кәсіп тек олжалы болып, ел экономикасын дамытуға үлесін қоса берсін!», — деп жазды Айдарбек Қожаназаров өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

 

Айта кетейік,» Олжа агро » — өсімдік шаруашылығымен, ет және сүт мал шаруашылығымен, дәнді және майлы дақылдарды сақтаумен және экспорттаумен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын өндірумен айналысатын өндірістік және қайта өңдеу компанияларының кешені болып табылатын Қазақстандағы ірі агроөнеркәсіптік холдинг.

Бұған дейін «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров депутаттық жалақыдан, қызметтік пәтерден және автокөліктен бас тартуға дайын екенін айтқан болатын. Ол бірқатар компаниялардың қызметінен дивидендтер алатынын және қаржылық қиындықтарға тап болмайтынын түсіндірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button