«Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша 5% -бен ауыл шаруашылығы техникасына өтінімдер қабылдау басталды
«ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық өндірушілердің ауыл шаруашылығы техникасын 5% -бен сатып алуға «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады. Бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекет 100 млрд теңге бөлді.
«Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы отандық өндірістің және/немесе құрастырудың ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға бағытталған.
Бағдарламаның шарттары: мөлшерлеме — жылдық 5%, лизинг мерзімі — 7 жылдан аспайды, сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 5 (бес)%, бірінші лизингтік төлем — кемінде 10 (он)%, лизинг нысанасын алғаннан кейін 2024 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде төлеу мүмкіндігі бар.
Жеңілдетілген бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдау 17 маусым күні сағат 14:00 басталады.
Өтінімдерді қабылдау үшін ҚазАгроҚаржы «@KazAgroFinance.bot»
(https://t.me/kaz_agro_finance_bot) Telegram bot электронды кезегі қалыптастырылады.
Клиент өтінім берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Telegram bot-қа «ҚазАгроҚаржы» компаниясының өңірдегі филиалына құжаттардың толық пакетін ұсынуы қажет. Филиалдардың байланыс құралдары компанияның www.kaf.kz сайтында көрсетілген.