Жигули Дайрабаев балаларын кінәсіз деп санайды
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев ұлдарынының сотталуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды basagro.kz.
Президенттікке бұрынғы үміткер Мәжіліс отырысында мәлімдеме жасады.
«Құрметті әріптестер, алдымен сіздерге ризашылығыамды білдіргім келеді. Балаларыма байланысты туындаған мәселе бойынша депутат, әріптес ретінде қолдау көрсетіп жатырсыздар. Моральдық жағынан әділдік танытып, құқықтық жағынан сауаттық білдіргендеріңізді жоғары бағалаймын. Балаларымды кінәлі деп есептемеймін. Олар әділдік үшін күреседі. Аппелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше мен Мәжілістен не үшін кетуім керек?», — деді Дайрабаев.
Еске салайық, Тараз қаласының №2 соты алаяқтық жасады және ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыптап, үкім шығарған еді.