Жаңалықтар

Мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындарының қызметкерлерінің жалақысы екі есеге өседі

Мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындарының қатардағы қызметкерлерінің жалақысы екі есе өседі, деп хабарлайды basagro.kz.

«Балық өсіру кәсіпорындарындағы жұмысшылардың қызметінің ерекшелігі мен ауыр физикалық еңбегін ескере отырып, қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесі шындыққа және олардың саланы дамытуға қосқан үлесіне сәйкес келмейді.

Осыған байланысты, тұрақты еңбек ұжымын қалыптастыру және жас мамандарды тарту арқылы кадрлық әлеуетті нығайту үшін кәсіпорындардың салалық қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесі пысықталды», — делінген хабарламада.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап жалақының 2 есе өсуі күтілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button