Жаңалықтар

Сауда министрі: McDonald ‘s-тің Қазақстаннан кетуі ет өңдеу саласының проблемаларын ашты

Сауда және интеграция министрі-Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин McDonald ‘ s фастфуд желісінің Қазақстаннан кетуі туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, McDonald’s компаниясының қазақстандық нарықтан кету туралы шешімі еліміздің ауыл шаруашылығы үшін сын-тегеурін болды, деп хабарлайды basagro.kz тілшісі.

«Бұл жерде мәселе фаст-фудтың кетуінде емес. Burger King, Hardee ‘s және т.б. компаниялар кетпейді ғой. Бұл жерде мәселе McDonald ‘s бүкіл жеткізу тізбегіне жоғары талаптар қоятындығына байланысты. Бұл бізде ет өңдеу саласында ғана емес, бүкіл ауыл шаруашылығында кездесетін проблемалардың бар екенін көрсетеді. McDonald ‘s – бұл тың жоба, оның айналасында экожүйе қалыптасады», – деді Серік Жұманғарин Мәжілісте.

Вице-премьердің айтуынша, министрлік осы аптада елдің негізгі ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен, соның ішінде мал шаруашылығымен және ет өңдеумен айналысатындармен бірнеше кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Кездесулерде саланы дамыту, сондай-ақ логистикалық тізбектерді жолға қою мәселелері талқыланады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button