Жаңалықтар

Павлодар облысының тауар өндірушілері Астанаға жәрмеңкеге 500 тоннадан астам өнім жеткізеді

15-16 қазан күндері елордада Павлодар облысының фермерлік шаруашылықтарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Вasagro.kz тілшісі.

Шараға Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының, облыстың 10 ауылдық округінің ауылшаруашылық құрылымдары қатысып, жалпы құны 300 млн теңгені қрацтын 520 тонна өнім жеткізеді.

Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, Павлодар шаруа қожалықтарының өнімдері елорда тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие, сондықтан жәрмеңке кезінде толығымен сатылады. Әсіресе, қала тұрғындары ет, ет өнімдерін, бал, картоп пен көкөністерді тез сатып алады.

Павлодарлық кәсіпорындар елорда тұрғындарына тауар өндірушілердің бағасы бойынша азық-түліктің кеңейтілген ассортиментін ұсынады.

Жәрмеңке Тұран даңғылы, 48 мекенжайы бойынша «Астана-Арена» спорт кешенінің тұрақ алаңында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button