Қарағанды облысында түйе өсіріледі
Бұқар Жырау ауданында тұратын жас кәсіпкер түйе өсірумен айналысып, шұбат өндірісін жолға қойды, деп хабарлайды basagro.kz.
Бұқар Жырау ауданында тұратын жас кәсіпкер түйе өсірумен айналысып, шұбат өндірісін жолға қойды.
Қазбек Абатов – Теміртау индустриалды университетінің студенті. Автомеханик мамандығында оқиды. Бір жыл бұрын ол ата-анасымен Бұқар Жырау ауданы Ростов ауылдық округінің Қызылжар ауылына көшіп келген. Онда отбасы мал шаруашылығына арналған үлкен өндірістік базасы бар үй сатып алды. Алдымен Қазбек ешкі өсірумен айналысты, бірақ жыл соңында туыстарымен кеңесіп, түйе өсіруді шешті.
– Менің ағам бұрын түйе өсірумен айналысқан. Бұл жануарлар бізге бұрыннан таныс болған. Олар кез-келген климатқа оңай бейімделеді, талғампаз емес, – дейді Қазбек. – Мен «АгроБизнес» бағдарламасын пайдаланып, 47 млн теңге көлемінде несие алдым. Бұл ақшаға Қызылорда облысынан 58 түйе сатып алынды. Енді мен жас түйелерді жай-жайдан қолға үйретемін, анам оларды сауады.
Қазбек өз бизнесін отбасылық деп атайды. Қос өркештілерді бағуға әзірге ата-анасы көмектеседі. Олар күніне 50–60 литр шұбат дайындайды, оны аудан тұрғындары, сондай-ақ Саран, Теміртау, Шахтинск және Шахан тұтынушылары сатып алады.
– Болашақта мен сауын түйелердің санын көбейткім келеді. Мүмкін мен бастаушы кәсіпкерлерге арналған гранттар байқауына қатысатын шығармын. Сондай-ақ, өндірістік қуаттылықты арттыруды жоспарлап отырмын. Өйткені, шұбат – бұл біздің ата-бабаларымыз білетін емдік сусын. Сондай-ақ, егер сұраныс болса, жануарлардың жүні мен терісін сатуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, түйенің мойнындағы жүнді тоқымашылар кеңінен қолданады, – дейді Қазбек.