Жаңалықтар

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 1456 бірлік техникаға 53,8 млрд. теңгеге өтінім түсті

26.09.2022 ж. жағдай бойынша «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 1456 бірлік техникаға 53,8 млрд. теңгеге өтінім түсті:

комбайндар – 224 бірлікке 24,4 млрд теңге;
тракторлар – 1232 бірлікке 29,3 млрд теңге.

Қазірдің өзінде оның 33,6 млрд. теңгесіне 989 бірлік техника сатып алуға 809 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылып та қойған.

Қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін кеңейтілген міндеттемелер операторының қаржыландыру қағидаларына сәйкес, өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің құрамынан тұратын комиссияның шешімімен әрбір отандық өндірушіге қаржыландыру лимиті белгіленген.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасына белсенді қатысуына және лимиттердің толуына байланысты, қазіргі уақытта өтінімдер тек «АгромашХолдинг KZ» АҚ-ның комбайндарына ғана қабылдануда.

«Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы 20 жылға шамаланғанын және жаңартпалы сипаттағы бағдарлама екенін естеріңізге сала кетейік. Бағдарлама бойынша өтінімдер 2022 жылғы 5 тамызда қабылдана бастаған. «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасын іске асыру үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық өндірістің шамамен мың бірлік өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 40 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ компаниялары тобына кіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button