Жаңалықтар

Қазақстан Ақтау порты арқылы Иран мен Әзірбайжанға астық тиеуді арттыруға дайын

Ақтаудағы «Ақ бидай – Терминал» АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы тағайындалды. Жаңа басшы Сағат Ыдырысовты компания ұжымына «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашев таныстырды, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Жаңа басшының таныстырылымынан кейін терминал арқылы дәнді дақылдар мен жүгеріні экспорттық бағытта, атап айтқанда, Иран мен Әзірбайжанға ауыстырып тиеуді арттыру жоспарлары талқыланды.

Азық-түлік корпорациясының басшысы атап өткендей, қазіргі уақытта осы бағыттар бойынша астық экспортын ұйымдастыру бойынша Үкімет деңгейінде келіссөздер жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button