Қазақстан мен Түркия өсімдік шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытады
Қазақстан Түркиямен ауыл шаруашылығы саласында өзара тиімді ынтымақтастықты белсенді дамытуға дайын. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің өсімдік шаруашылығы жөніндегі бас директоры Мехмет Хасдемирмен кездесу кезінде мәлімдеді.
Ол атап айтқанда тұқым шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл, ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сынау және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің генетикалық материалдарымен алмасу туралы айтып отырғанын атап өтті.
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы түрік делегациясына өсімдік шаруашылығы саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша ғылыми-зерттеу институттарының жұмысын жандандыруды ұсынды.
«Біз елдеріміз арасында қалыптасқан бауырластық қатынастар мен өзара түсіністікті жоғары бағалаймыз және ауыл шаруашылығы саласындағы қазақ-түрік қатынастарының тұрақты дамуын қанағаттанушылықпен атап өтеміз», — деп атап өтті министр.
Екі елдің Ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің кездесуі Түркия президенті Режеп Таип Ердоғанның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті.
Айта кетейік, 2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Түркия арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 177,3 млн долларды құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 77,6% — ға артық. Қазақстан негізінен май, бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын экспорттайды. Ал түрік күнбағыс тұқымдары мен кондитерлік өнімдерді сатып алады.