Жаңалықтар

Қазақстанда қант бағасы төмендейді

Қазақстанда қант бағасын шектеу бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Құжатқа Орталық Азиядағы KazAgro/KazFarm-2022 ірі агроөнеркәсіптік көрмелерінің бірінші күнінде қол қойылды. Меморандум қант кәсіпорындарына өңірлерді отандық қантпен қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде түйіршіктелген қант өндіруге мүмкіндік береді.

Хабарланғандай, меморандум Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары мен қант кәсіпорындары, оның ішінде «Ақсу Кант», «Меркен қант», «Көксу қант» зауыты және т.б. мекемелерді қамтыды.

Еске салайық, биыл Қазақстанда қант бағасының шектен тыс өсуі байқалды.  Соңғы мәліметтер бойынша, жылдық динамика бойынша қант шамамен 80%-ға қымбаттады.

Айта кетейік, 12 қазанда елордадағы EXPO ХКО-да KazAgro/KazFarm-2022 агроөнеркәсіптік көрмелерінің ашылуы өтті. Халықаралық деңгейдегі шараға әлемнің 20-дан астам елінен 300-ден астам түрлі компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button