Қазақстандық астық экспорты 18%-ға өсті
Астанада ҚТЖ және Қазақстанның астық өңдеушілер одағы өкілдерінің, ұн тартушылардың, жүк жөнелтушілер мен трейдерлердің қатысуымен астық және ұнтақтау өнімдерін тасымалдау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды basagro.kz.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 2022 жылы 10 млн тонна астық тасымалданғаны атап өтілді. Оның ішінде 8 млн тонна экспортқа жөнелтілді — бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18% -ке артық. Қазақстандық астықты өткізудің негізгі нарығы Орталық Азия елдері болып қала берді, бұл бағыттағы экспорт 11% -ке өсіп, 5,6 млн тоннаны құрады.
Сондай – ақ, Қытайға жеткізілім көлемі айтарлықтай 134% — ке өсіп, 600 мың тоннаны құрады. Бұл серпін контейнерлік тасымалдаудың дамуымен байланысты.
Ұнтақ өнімдерін тасымалдауда да оң қарқын байқалды. 2022 жылы ұн тасымалдаудың жалпы көлемі 3,1 млн тоннаны құрады, оның ішінде экспортқа 2,3 млн тоннасы шығарылды. Бұл 2021-ге қарағанда 53% -ке көп. Негізгі көлемі Орталық Азияға — 2 млн тонна (2021 жылға қарағанда + 41%) және 300 мың тоннасы Қытайға жөнелтілді.
2023 жылы да өсу жалғасуда. Қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстан 138 мың тонна ұн экспорттады (2022 жылғы қаңтарда 118 мың тонна — 17% — ке өсті).
Сонымен қатар, жүктердің басқа түрлерін, ең алдымен кенді және көмірді тасымалдау айтарлықтай өсті, оларды жеткізу ауқымы да кеңіді. Бұл теміржол инфрақұрылымына жүктеменің күрт өсуіне әкелді.
Бүгінгі таңда локомотив паркін кеңейту және жаңарту мәселесі жоспарлы түрде шешіліп жатқаны айтылды. Бес жыл ішінде 306 локомотив сатып алу жоспарлануда, оның ішінде ағымдағы жылы сатып алынатын – 109.
Отырыста тасымалдауды жоспарлау мәселесі талқыланды. Жүк жөнелтушілерге өз тасымалдарының жоспарларын нақтырақ жасау, «бос» жоспарларын жасамау ұсынылады. Бұл жүк жөнелтушілер мен теміржолшылардың жұмысын нақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, желіде кептеліс тудырып, станция жолдарында тұрған шет елдер бос вагондары паркінің болу фактілері де атап өтілді.
Теміржолшылар жүк жөнелтушілермен бірлесіп, өздері үшін жөнелту көлемін анықтап, жеткізу жоспарларын белгіледі.